Астананың әкімі жаңа қызметке тағайындалды

0
2 345

Әсет Исекешев 2016 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Астана әкімі қызметін атқарған.


Астананың әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, Астана қаласының әкімі лауазымынан босатылсын", — делінген жарлық мәтінінде.

Әсет Өрентайұлы Исекешев

(1971 жылы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған) - қоғам және мемлекет қайраткері, Астана қаласының әкімі Әкесі - Исекешев Өрентай, марқұм, инженер-энергетик болып жұмыс істеген. Анасы - Исекешева Қапиза (1942 жылы туған), зейнеткер, дәрігер-педиатр болып Жұмыс істеген.

№5 арнаулы кәсіби-техникалық училищесін (Орал қаласы, 1989) радиоэлектрондық аппаратураның слесарь-жинаушысы мамандығы бойынша; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1994) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару мектебін (1998) бітірген, шет елде тәжірибе алған.

Қазақстандық және шетелдік БАҚ-дағы индустриалдық-жаңартпашылық даму стратегиясын жүзеге асыру, ұлттық жаңартпашылық жүйе және оның жекелеген пилоттық жобаларын қалыптастыру бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру, кластерлік бастамашылықты және 7 пилоттық кластерді, мемлекеттік даму институттарын құру және қызметін жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті дамыту, туризмді дамыту, өнеркәсіпті дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі көптеген мақалалардың авторы.

1989 жылдан - «Омега» аспап жасау зауытының I разрядты радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптардың слесарь-жинақтаушысы (Орал қаласы).

1995 жылдан - Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі.

1998 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласының адам дамуы бөлімінің Стратегиялық бақылау басқармасы Стратегиялық талдау департаментінің бас маманы.

1999 жылдан - ҚР Әділет министрлігі Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және бақылау департаментінің директоры.

2000 жылдан - ҚР Заң министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті.

2001 жылдан - «Сұңқар» АӨК» ЖШС төрағасының бірінші орынбасары, «Ұлттық консалтингтік топ» ЖШС президенті, «Ордабасы» корпорациясы» ААҚ вице-президенті.

2002 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2003 жылдан - ҚР индустрия және сауда вице-министрі. 2006 жылдан - «Қазына» ТДҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2007 жылдан - «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС эномикасы, жоғары мәдениеті, бәсекеге қабілетті білімі және алдыңғы қатарлы ғылымы бар өркендей беретін қуатты демократиялық мемлекет».

Хоббиі - қазақ халық музыкасы, опера, балет, бүркітпен және тазымен саятшылық.

Сүйіп оқитын әдебиеті - әлемдік классикалық әдебиет шығыс философиясы, тарих, мәдениеттану, дінтану.

Үйленген. 5 баласы бар.