Астананың бас шыршасы 18 желтоқсанда жағылады

0
1 214

Басты шыршаны жағу арқылы қысқы және отбасылық демалыс үшін қызметтердің кең ауқымды қызмет көрсететін ойын-сауық алаңы іске қосылады.


Астананың бас шыршасы 18 желтоқсанда жағылады

ERNUR.KZ. Көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:30-да басталса, шырша шамдары сағат 19:00-де жанады, деп жазады Елорда Инфо.

18 желтоқсан күні сағат 18:30-да ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында Астананың бас жаңажылдық шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді. Сондай-ақ қазақстандық әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама болады. Кішкентай көрермендерді аниматорлар мен қуыршақтар ойнатады.

Ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:30 басталса, ал шырша шамдары сағат 19:00-де жағылады. Сонымен қатар, рәсімге келушілер мерекелік отшашуды тамашалай алады.

Басты шыршаны жағу арқылы қысқы және отбасылық демалыс үшін қызметтердің кең ауқымды қызмет көрсететін интерактивті ойын-сауық алаңы іске қосылады.