Астананың базарлары мен дәмханаларынан тамақтану қауіпті

0
1 071

Тексеру нәтижесінде өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқтығы, азық-түліктің тоңазытқышта сақталмауы, қызметкерлердің арнайы киімсіз жұмыс істеуі және тағы да басқа қарапайым санитарлық талаптардың сақталмағандығы анықталған.


Астананың базарлары мен дәмханаларынан тамақтану қауіпті

ERNUR.KZ. Астананың кей базарлары мен қоғамдық тамақтану орындарында қарапайым санитарлық талаптар сақталмаған болып шықты. Бас шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұрғындарға даладан тамақтануды қысқартуға кеңес беруде, деп жазады NUR.KZ.

Былтырғы жылы тұрғындардың шағымдарынан кейін қала базарлары мен сауда орындарындағы 24 қоғамдық тамақтану орындары тексерілген.

Олардың арасында астаналықтарға кеңінен танымал "Ала", "Көк", "Әмір", "Шарын", "Сапар", "Биг шанхай" сынды базарлар да бар.

Тексеру нәтижесінде өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттардың жоқтығы, азық-түліктің тоңазытқышта сақталмауы, қызметкерлердің арнайы киімсіз жұмыс істеуі және тағы да басқа қарапайым санитарлық талаптардың сақталмағандығы анықталған.

Осылайша, қоғамдық тамақтану орындарына 1 664 260 теңге көлімінде айыппұл салынған. Ал аталған ескертулерді орындамаған 7 бірдей дәмхана ісі әкімшілік сотқа жіберілген.

Департамент басшысы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, аялдамалар мен базарларда, далада тамақтануға болмайды. Себебі мұндай жерлерде қарапайым санитарлық талаптар сақталмайтын көрінеді.

Айта кетейік, тек былтырғы жылдың өзінде Астанада ішек аурулары бойынша 1230 оқиға тіркелген екен. Сондай-ақ, 137 тұрғынның сальмонеллёз дертіне шалдыққаны белгілі болған.