Астананың ХҚО ғимараты қоршауға алынды

0
1 506

Оқиға орнына жеткен полицейлер бірден Халыққа қызмет көрсету орталығын қызметкерлер мен келушілерден босатыпты


Астананың ХҚО ғимараты қоршауға алынды

ERNUR.KZ. Астанадағы Республика алаңында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының күзетшісі полицияға ғимаратта күдікті сөмке бар екенін айтқан. Оқиға орнына жедел түрде полицейлер мен криминалистер жіберілген деп жазады nur.kz.

Күдікті сөмке туралы хабарлама 13:35-те келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер бірден Халыққа қызмет көрсету орталығын қызметкерлер мен келушілерден босатыпты.

Алайда тексеру барысында сөмкеден ешқандай тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылмаған екен.

Сағат 14:00-ден бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы қайтадан қалыпты жұмыс істей бастады.