Асыл тұқымды сиырлардың жаппай қырылу себептерін тергеу жалғасуда

0
1 625

Қорадағы барлық малды емдеп жатыр.


Асыл тұқымды сиырлардың жаппай қырылу себептерін тергеу жалғасуда

ERNUR.KZ. Атырауда голландиялық голштин-фриз тұқымды сиырлардың жаппай қырылу себептерін тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Махамбет ауданының «Первомайский» ЖШС-да ірі қара малдың 1067 басы болған. Соның ішінде 178-і ауырып, бір бөлігі қырылды, тағы бір бөлігі сойылды. Алынған биологиялық материалдар республикалық ветеринарлық зертханаларға жіберілді.

Қорадағы барлық малды емдеп жатыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінде облыста ірі қараның 177 156 басы, 81 671 жылқы, 32 968 түйе, 480 шошқа және 575 480 үй құсы бар.

Республика қорынан мал ауруының 8 түрі мен мал ауруының аса қауіпті түрлерін анықтау үшін және 2 түрлі диагностика жүргізу үшін 162 761 784, 8 теңге бөлінген. Бүгінде жоспарланған жұмыстардың 90,8 пайызы атқарылды», - деп хабарлады Ветеринария басқармасының ветеринарлық қауіпсіздік және талдау бөлімінің басшысы Элеонора Дәуітбаева.