Ата-анасы үйде болмаған: Семей түбіндегі ауылда екі баланың мәйіті табылды

0
1 184

Екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, балалар уланып қалған


Ата-анасы үйде болмаған: Семей түбіндегі ауылда екі баланың мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда Семей қаласына жақын маңдағы Холодный ключ елді мекенінде екіқабатты тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі, деп жазады SputnikNews.kz.

Өрт туралы хабарлама дүйсенбі, 1 сәуір күні сағат 14:19-де түскен. Өрт бірінші қабаттағы қонақ үйден басталған – жиһаз өртенген.

"Қызыл жалынды сөндіру кезінде жуынатын бөлмеден 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қою түтіннің салдарынан иіс газынан уланып қалған. Ата-анасы үйде болмай шықты", - деп хабарлады құтқарушылар.

Сондай-ақ өрт сөндірушілер көршілерді қауіпсіз жерге көшірді. Өрт сағат 14:56-да оқшауланып, 15:12-де сөндірілді.