​Атақты емші Ерболсын үнді биін билеп ханзада атанды (видео)

0
5 187

Мерекелік шараларда әр тілде ән айтып қана қоймай, түрлі ұлттың биін де билейді.


​Атақты емші Ерболсын үнді биін билеп ханзада атанды (видео)

ERNUR.KZ. Бүгінгі таңда жан-жақты өзін дамытумен айналысып жүрген Ерболсын білім алып жатқан оқу орнының белсенді студенті, деп жазады Aktobenews.kz.


Емші бала Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Медициналық-әлеуметтік колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар, сол білім ордасындағы жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенді студенті. Мерекелік шараларда әр тілде ән айтып қана қоймай, түрлі ұлттың биін де билейді.

Кеше ғана колледждің ұйымдастыруымен өткен «Алтын күз – 2018» жұптық байқауына қатысқан Ерболсын бас жүлдені жеңіп алды. Қасындағы жұбы «Күз ханшайымы» атанса, өзі «Күз ханзадасы» номинациясына ие болды. Аталмыш шарада өнер көрсету сәтінде Ерболсын үнді биін билеген.