Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда алаяқтыққа барған 13 мемлекеттік қызметкер түрмеге жабылады

0
934


Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда алаяқтыққа барған 13 мемлекеттік қызметкер түрмеге жабылады

ERNUR.KZ. АӘК-ті дұрыс тағайындамағаны үшін 200-ден астам мемлекеттік қызметкер жауапқа тартылды. Бұған қоса 13 азамат ҚК бойынша айыпталып, заң алдында жауап беретін болады. Бұған негіз болған жағдай - тұрғындардың өздерінің отбасылық табыс мөлшерін азайтып, мемлекетке жалған ақпарат беруі. Ақшалай көмекке зәру адамдардың кейбірі шағын жекежайда тұрып, бағалы көлік айдап та жүрген, деп жазады Stan.kz.

Шенеуніктер мемлекеттік қазынасындағы ақшаның жұмсалуына тек өтініш білдіргендер ғана емес, бұған қоса ол адамдарды тексерістен дұрыс өткізбей әлеуметтік көмек тағайындаған қызметкерлер де жауапты болуға тиіс екендігін жеткізді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, әкімшілікте жұмыс атқаратындарды қосқан 194 мемлекеттік қызметкерге сөгіс жарияланыпты. Екі шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 13 ісбойынша тексеріс жүргізілуде. Айыпталушыларға өтініш білдіргендермен серіктес болған деген күдік тағылды. Және бұл жағдай бойынша 10 миллион теңгеге дейін айыппұл салынып, түзету жұмыстары немесе бас бостандығын шектеу тағайындалуы мүмкін екен.

Бұған қоса министр егер отбасының бір мүшесі жұмыстан бас тартқан жағдайда оларға төленетін әлеуметтік көмекті тоқтату туралы бастама ұсынды. Оның айтуынша, бұл заңнаманы құрастыруға өмірдің өзі арқау болыпты.

"Бұл заңнамада былай айтылған: егер азамат жұмыстан бас тартқан жағдайда әлеуметтік көмектің тек оған тиесілі мөлшері ғана төленбейді. Жұмыс істегісі келмейтіндердің саны өте көп. 30 мыңнан астам дені сау ер азамат жұмыс істемей үйде жатып, баласына төленетін әлеуметтік көмекпен жан баққысы келеді", - деді министр.