Атажұртқа оралғысы келетін қазақтардың саны артты

0
401

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.


Атажұртқа оралғысы келетін қазақтардың саны артты

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері 11 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне көшіп келді, деп жазады sputnik.kz.

Олардың 70 пайыздайы Өзбекстаннан қоныс аударған. Өзгелері Қытай мен Түркіменстан, Моңғолия және басқа да елдерден келген. Қандастарға қолдау көрсету мақсатында құрылған Отандастар қорының мәліметінше соңғы жылдары ата жұртына қайтқысы келетін қазақтардың саны күрт артқан.

"Отандастар" қоры алыс-жақын шет елдердегі қазақтармен үнемі байланыста.
Мамандардың айтуынша атамекеніне оралғысы келетіндер көп. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері 1 млн 99 мыңнан астам этникалық қазақ атамекеніне қоныс аударды. Көш әлі де жалғасады.