Атбасар тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді

0
428

Зейнеткер бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған.


Атбасар тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. Ақмола облысының тұрғыны 65 жастағы анасын ұрып өлтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 29-да Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағанын айтқан.

«Анықталғандай, оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Соққыдан кейін анасы кенеттен көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-ші бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.