​Ақтөбеде әйелімен ұрысып қалған еркек өзін-өзі өртеп жіберді

0
1 575

Ақтөбе облысында ер адам әйелімен болған ұрыс-керістен соң өзі-өзі өртеп жіберіп қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Ақтөбеде әйелімен ұрысып қалған еркек өзін-өзі өртеп жіберді

иллюстрациялық фото: karelinform.ru

Ақтөбе облысында ер адам әйелімен болған ұрыс-керістен соң өзі-өзі өртеп жіберіп қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ aktobetimes.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға аудан орталығы Бадамша елді мекенінде болған. 47 жастағы ер-азамат өзінен 20 жас кіші әйелімен ұрысып қалған соң үстіне бензин құйып, от тұтатқан. Орталық аурухананың жан сақтау бөліміне қатты күйіп қалған күйінде жеткізілген. Бірақ келесі күні қатты күйік салдарынан ер адам қайтыс болған.

Қаза болған азаматтың соңында 5 баласы қалды. Оның бірінші және екінші әйелінен 3 баласы, үшінші әйелінен 2 баласы бар. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қаза болған азамат металл жинап өткізіп отбасын асырап жүрген және тұрмыстары ауыр болған көрінеді.