Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

0
685

Абай Шаңғытбаев Қазақ политехникалық институтын бітрген.


Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды, деп жазады ҚазАқпарат.

"Энергетика министрінің бұйрығымен Абай Мұхтарұлы Шаңғытбаев Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды» делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Абай Шаңғытбаев Қазақ политехникалық институтын бітрген. Еңбек жолын 1988 жылы «ЗапКазЭнерго» РУ электр желілерінің Оңтүстік кәсіпорнында байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері болып бастаған. Әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Аумақтық бөлімшелерді үйлестіру, мониторинг және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс басқармасының бас сарапшысы,

Тұтынушылардың электр желілері мен электр қондырғыларын қадағалау және бақылау басқармасының бастығы, ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болған.