Атына 20-дан астам пәтер тіркелген қазақстандықтардың саны белгілі болды

0
420

5,6 млн адамның басында бір пәтерден бар.


Атына 20-дан астам пәтер тіркелген қазақстандықтардың саны белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда 700 мыңнан астам адамның екіден көп пәтері бар. Ал 147 адам 20-дан астам пәтерге ие. Бұл деректерді "Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Стратегиялық бастамалар формуында келтірді, деп жазады sputnik.kz.

Оның мәліметінше, 5,6 млн адамның басында бір пәтерден бар.
"Азаматтарға арналған үкімет"деректері бойынша, 2021 жылдың аяғында 6,3 млн адамның меншігінде үй бар. Елде 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар десек, 60 процентінің меншігінде үй бар деген сөз. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш", - деді ол.
Сондай-ақ Ләззат Ибрагимова бір басында екіден артық баспанасы бар адамдар жайлы мәлімет келтірді.
"Екіден көп пәтері бар жандардың санына тоқталсақ. 607 мың адамның басында екі пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген. 16 509 адамның атында 4 жылжымайтын мүлік нысаны тіркелген. Бір басында 5 нысаны барлардың саны әлдеқайда аз – 4 823. 1 935 адамда 6 пәтерден бар. 742 адамда 7 пәтерден бар. Осылайша пәтер саны көбейген сайын адам саны азая түседі. Бірақ шамамен 147 адам бар, олардың атына 20-дан астам баспана тіркелген", - деді ол.