Атырау-Астрахань бағытында ​ұнға жасырылған 6 тонна насыбай тиелген жүк көліктері ұсталды

0
1 477

Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген


Атырау-Астрахань бағытында ​ұнға жасырылған 6 тонна насыбай тиелген жүк көліктері ұсталды

ERNUR.KZ. «Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты «Құрмангазы-авто» тексеріп-өткізу пінктінің шекара наряды көліктерді тексеру барысында заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды деп ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, деп жазады BAQ.KZ

«Кеше таңертең Атырау – Астрахань бағытымен жол жүріп бара жатқан екі бірдей «ГАЗ3022» автокөліктерін (жүргізушілері 46 және 35 жастағы ресейліктер) тексеру барысында әрқайсысынан 90 қаптан, жалпы саны 180 қап, салмағы 6 тонна болатын заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды», - делінген хабарламада.

Құжаттары бойынша бұл көліктерде ұн тиелген. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде шынымен де ұн болып шықты. Алайда ол тек арғы жағындағы жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен. Ұсталған көлік жүргізушілері көліктерімен және жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.