Атырау қаласында 672 пәтерлік тұрғын үй салынады

0
2 348

Екі ықшамауданға 17 тұрғын үй салынады.


Атырау қаласында 672 пәтерлік тұрғын үй салынады

иллюстрациялық фото

Биыл Атыраудағы Береке, Самал ықшамаудандарынан 672 пәтерлік үйлер салынады. Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде Береке ықшам ауданынан 240 пәтерлік бір тұрғын үй және Самал ықшам ауданында 432 пәтерлік ірі панельді 16 тұрғын үйлердің құрылысын салу жоспарлануда.

"Сонымен қатар, Талғайраң елді мекенінде 46 көпқабатты үйлердің құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Және Талғайраң елді мекенінде салынып жатқан 1080 пәтерлік 24 көп қабатты тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде» деп атап өтті спикер.

Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Терможаңғырту» бағыты бойынша өткен жылы 4 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп тапсырылды, биыл 15 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.