Атырау қаласында қос каратэ клубы пайдалануға берілді

0
1 023

Бүгінде еліміз бойынша 7000-нан астам каратэ спортымен шұғылданушылар болса, соның 1200-і Атырау облысының спортшылары.


Атырау қаласында қос каратэ клубы пайдалануға берілді

ERNUR.KZ. Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы Атырау облысының филиалының бастамасымен «Намыс» спорт залы мен жаңа «Спартанец» спорт залы салтанатты түрде ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Атырау облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиевтің айтуынша, жаңа спорт залдардың жалпы аумағы 250 және 210 шаршы метрге жуық. Спорттық залдардың ішінде шығыс жекпе-жек залы мен физикалық дайындық залдары бар.

Қазіргі таңда мектепте киокушинкай каратэден спорт түрлері өзінің жұмысын бастағалы жатыр. Кешеннің ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов және Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының Президенті Омархан Нұртайұлы Оксикбаев қатысты.

Айта кетелік, бүгінде еліміз бойынша 7000-нан астам каратэ спортымен шұғылданушылар болса, соның 1200-і - Атырау облысының спортшылары.