Атырау қаласының әкімдігі дайын пәтерлерді көпбалалы отбасыларға бермей отыр

0
512

Аудиторлық тексеріс кезінде жергілікті бюджеттің 22,7 млрд теңгені тиімсіз жоспарланған және 1,2 млрд теңге игерілмеген.


Атырау қаласының әкімдігі дайын пәтерлерді көпбалалы отбасыларға бермей отыр

ERNUR.KZ. Атырау қалалық құрылыс бөлімі әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арнап салынған жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын, ауданы 60 шаршы метрден кем емес 173 пәтер сатып алған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 1,3 млрд теңге болатын 160 пәтер жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандарға берілмеген. Бұл туралы есеп комитетінің Атырау облысына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит қорытындысы кезінде белгілі болды.

Тексеріс кезінде 2016-2020 жылдарға арналған Атырау облысының аумақтарды дамыту бағдарламасының 58,4% орындалмағаны анықталды.

Одан бөлек, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ «COVID-19» індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы жұмылдырылған жұмыскерлерге жалпы сомасы 105,9 млн теңгеге негізсіз қосымша ақы төлегені белгілі болды.

«Өңірде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру балабақшалардағы кезек, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер проблемаларын шешуді қамтамасыз етпеген. Осылайша, балабақшалардағы орын санын арттыру бойынша қабылданған шаралар 28 мың орындық тапшылықты қамти алмады», ˗ делінген тексеріс қорытындысында.

Аудиторлық тексеріс кезінде жергілікті бюджеттің 22,7 млрд теңгені тиімсіз жоспарланған және 1,2 млрд теңге игерілмеген.