Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жүріп жатыр

0
433

Тұрғындар тексеруден нәтиже шығатыны-шықпайтынына сенімсіз.


Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Атырауда бірнеше түн қатарынан жағымсыз иіс жайлап, тұрғындаордың көпшілігі бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымдануда, деп жазады sputnik.kz.

Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.
"Бұл мұнай өнімдерінің иісі. Біз Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастадық, қазір біздің қызметкерлер зауытта. Бұдан басқа, зертхана желдің бағыты бойынша атмосфералық ауаны бақылайды. Ал жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр", - деп түсіндірді тексеру нысанын таңдалуын Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхамбетов.
Алайда тұрғындар тексеруден нәтиже шығатыны-шықпайтынына сенімсіз. Өйткені, қала тұрғындары ауаны ластайтын әлеуетті көздерге – кәсіпорындарға қанша мәрте тексеру жүргізілгенінен жаңылысып қалды. Ал қалада ауаны ластау жалғасуда.