Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарын ұстап берген азамат 12 млн теңге сыйақы алды

0
330

Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.


Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарын ұстап берген азамат 12 млн теңге сыйақы алды

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарын ұстап берген азамат 12 млн теңге сыйақы алды, деп жазады stan.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін облыс тұрғыны 12,2 миллион теңге сыйақы алды. Бұл параның жалпы сомасының 10% құрайды.

2022 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары жайлы хабарлаған 134 азаматқа 40,6 миллион теңге төленген.

Ең үлкен сыйақы көлемі Атырау және Қызылорда облыстарында берілді.