Атырау облысында 2 миллиард теңгеге екі жыл бұрын салынған қос балабақша жабылды

0
484

​Әкім орынбасарының айтуынша, құжаттар өзгертілгеннен кейін ғана нысандардағы кемшіліктерді түзетуді кім қолға алатыны белгілі болады.


Атырау облысында 2 миллиард теңгеге екі жыл бұрын салынған қос балабақша жабылды

ERNUR.KZ. Атырау облысының Құлсары қаласында екі жаңа балабақша жабылды. Мектепке дейінгі бұл мекемелер екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген болатын, деп жазады sputniknews.kz.

Әрқайсысы 290 балаға арналған қос балабақшаның құрылысына 2 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Қазіргі кезде едендері бүлініп, қабырғалары үгітілген балабақшалар жабылды.

Қала әкімдігінің өкілдері бар мәселе балабақшаларды жобалау кезінде жіберілген қателік екенін айтады. Ал кінәлілер арнайы тексеріс пен сараптамадан кейін анықталады.

Ендігі жерде бұл жердегі балалардың барлығына басқа балабақшаға баруына тура келеді.

"Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қателік жіберілген. Сондықтан да құжаттама өзгертіліп, содан кейін ғана нысандардағы кемшіліктерді түзетуді кім қолға алатыны белгілі болады", – дейді Құлсары қаласы әкімінің орынбасары Арай Нұрмаханова.

Айта кетейік, мектепке дейінгі қос мекеме де мұнай компаниясының қолдауымен салынған екен.