Атырау облысында асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды

0
1 278

Бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен.


Атырау облысында асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Бейбарыс ауылында 12 тамыз күні асылып қалған қыз бен жігіттің денесі табылды, деп жазады kaz.nur.kz.

Расталмаған деректерге сәйкес, қайтыс болған жігіт - 20 жаста, ал қыз - 18 жаста болған. Марқұмдарды үйдің ауласындағы душтан тауып алғаны айтылуда.

Басылымның мәліметінше, қыз Бейбарыс ауылында, жігіт Талдыкөл ауылында тұрған.

Екі жас бұрыннан таныс екені хабарланды, алайда олардың ара-қатынастары жақын болған-болмағаны белгісіз.

Одан бөлек, бойжеткен қыз биыл медициналық колледжге түскен.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды.