Атырау облысында балықтар қырылып жатыр

0
500

Ауыл тұрғындары жағада жатқан балықтарды шелектеп жинап алып жатыр. Олар ескертуге құлақ асар емес, дейді мамандар.


Атырау облысында балықтар қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Уылдырық шашу маусымында суы тұщы таяз жерді сағалаған балықтар өзенге кері қайта алмай қалған, деп хабарлайды Хабар24.

Өңірде кешелі бері балық құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ресми деректерге сүйенсек, Махамбет ауданына қарасты Бесікті ауылының маңайынан 3 мың тонна балық құтқарылған. Ал қырылып қалған жарты тонна балық санитарлық талапқа сай жойылған. Сол маңдағы ауылдардың тұрғындары жағада жатқан балықтарды шелектеп жинап алып жатыр. Олар ескертуге құлақ асар емес дейді мамандар. Инспекторлар мен волонтерлер балық өтетін каналдарды темір тормен жауып жатыр. Қазір Бесікті елді мекеніндегі Безымянный көліне балықтардың шығуы тоқтады. Құзырлы органдар басқа да су арналарын бақылауды күшейтті.


– Қорқатын ештеңесі жоқ. Бұдан басқа тағы да жоғарыда көлдер бар. Қызылжар деген көліміз бар. Толықтай қадағалап отырмыз. Жаңағы Сегізауыл деген көл бар. Бұған кіре алмаған балық соған кіріп уылдырығын шашатын болады. Қазір мынаны біз бөгейміз. Бөгет болғасын қалған балықтың тірілерін құтқарып қалғанын осы Жайыққа қайтадан жіберу жұмыстарын жасаймыз, дейді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік бш инспекция басшысының м.а Нұрлыбек Ғайсин.