Атырау облысында бір күнде үш адам суға кетіп қайтыс болды

0
346

Атырау облысында көктемнен бері 19 адам суға кеткен, оның алтауы балалар.


Атырау облысында бір күнде үш адам суға кетіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Атырау облысында бір күнде үш адам суға кетіп қайтыс болды, деп жазады АқЖайық.

18 шілдеде кешкісін «Атырау» ДСК аумағындағы жағажайда 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Оқиға туралы хабарлама ТЖ басқару пультіне 20 сағат 15 минутта түсті. Сүңгуірлер жасөспірімнің денесін сағат 20.31-де алып шықты. Сол күні тағы екі адам - Геологта 38 жастағы ер адам және Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында балық аулайтын торға шырмалған 42 жастағы Өзбекстан азаматы суға батып кетті.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысында көктемнен бері 19 адам суға кеткен, оның алтауы балалар.