Атырау облысында қоқысқа тасталған төлқұжаттар мен куәліктер үйіндісі табылды

0
2 490

Төбе-төбе болып үйіліп жатқан аса маңызды құжаттардың кейбірінде 2028 жылға дейін жарамды екені көрсетілген.


Атырау облысында қоқысқа тасталған төлқұжаттар мен куәліктер үйіндісі табылды

ERNUR.KZ. 13 қаңтар күні Атырау облысына қарасты Алмалы ауылы маңында төгілген қоқыс ішінен жарамдылық мерзімі өтпеген төлқұжаттар мен куәліктер табылды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жайық жағасында пайда болған құрылыс қалдықтарының таудай үйіндісінің арасында көптеген түрлі маңызды құжаттардың да жатқанын алғаш болып ауыл тұрғындары көріпті.

«Қоқысқа лақтырылған төлқұжаттар мен жеке куәліктердің ішінде тіпті, жарамдылық мерзімі 2028 жылға дейінгі құжаттар да бар. Сондай-ақ азаматтардың өтініші, төлем құжаттары, жүргізуші куәліктері, жеке тұлғалардың табысы туралы анықтамалар мен басқа да аса маңызды құжаттар төбе-төбе болып үйіліп жатыр», - деп жазады басылым.

Редакция өз кезегінде қатарынан бірнеше кодекс нормаларын бұзғандарға қатысты тиісті сұраныс жолдаған.