Атырау облысында көпбалалы ананы өлтіріп кетті

0
507

Артында 7 перзенті қалды.


Атырау облысында көпбалалы ананы өлтіріп кетті

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Құлсары қаласындағы 25 жастағы жігіт 35 жастағы әйелді пышақтап өлтірді, деп жазады exk.kz.

Қаскүнем әйелге бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды.

"25 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол — Жылыой ауданының тұрғыны. Сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары басталды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қанды оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал өлген әйелдің артында 7 баласы қалды.