Атырау облысында құрылысқа бөлінген 467 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

0
423

ҚМА мәліметінше, серіктекстіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды.


Атырау облысында құрылысқа бөлінген 467 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды

ERNUR.KZ. ҚМА Атырау облысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Әлеуметтік нысандар, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша "Атырау облысы Құрылыс басқармасы" ММ-ның лауазымды тұлғалары мен "Техника-Рем строй" ЖШС-ның басшысына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 миллион теңге. ЖШС-ның басшысына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, серіктекстіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты "үйқамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылған