Атырау облысында найзағай салдарынан үй өртенді

0
882

Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді


Атырау облысында найзағай салдарынан үй өртенді

ERNUR.KZ. Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылында қатты жауында найзағай ойнап, тұрғын үйдің шатыры жанып кетті, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Оқиға 17 маусымда кешкі сағат 19:00-де болған. Ауданы 10×11 метр болатын үйдің шатыры өртенді. Өрт сағат 20:45-те сөндірілді.

"Өрттің себебі қатты жаңбыр кезіндегі найзағай салдарынан. Ешкім зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.