Атырау облысында сегізінші бас санитар дәрігер тағайындалды

0
2 039

Осы кезге дейін бұл лауазымға Амантай Жұмағалиев 2020 жылдың қараша айында тағайындалған болатын.


Атырау облысында сегізінші бас санитар дәрігер тағайындалды

Атырау облысында бас санитар дәрігер ауысты. Бұл қызметке Мәдениет Танауов тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ өңірлік "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді (санитариялық-гигиеналық факультет) бітірген. Осы тағайындауға дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.
Одан бұрынғы санитар дәрігер Амантай Жұмағалиев өзінің бұрынғы қызметіне - Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына оралды.
Естеріңізге салсақ, бұл өңірде COVID-19 пандемиясы басталғалы тағайындалған сегізінші бас санитар дәрігер.