Атырау облысындағы дауыл: Шатырлар ұшып, көшелерді су басты (фото)

0
1 049

Кейбір үйлердің шатыры ұшса, кейбірі жартылай қираған.


Атырау облысындағы дауыл: Шатырлар ұшып, көшелерді су басты (фото)

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы дауыл кезінде Ресеймен шекаралас ауданда шатырлар ұшып, көшелерді су басты, деп жазады ҚазАқпарат.

Құрманғазы ауданында кеше түстен кейін қатты жел соғып, кейін толассыз жаңбыр жауған. Әуезов атындағы орта мектептің шатыры жұлынған.

Аудан орталығында да, шалғайдағы ауылдарда да көптеген жеке үйлерге зақым келген. Кейбір үйлердің шатыры ұшса, кейбірі жартылай қираған.

Көшелерді су басты.