Атырау облысындағы Нарын каналында балық қырылып жатыр

0
409

Қазір Нарын каналындағы су мен өлген балықтан сынама алынып жатыр.


Атырау облысындағы Нарын каналында балық қырылып жатыр

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Нарын каналында балық қырылып жатыр, деп жазады stan.kz.

Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, Нарын каналы Исатай ауданында орналасқан.

"Бүгін Исатай ауданының аумағындағы Нарын каналында балықтың қырылу дерегі анықталды. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылды. Комисся мүшелері бекітілген балық қырылған аумаққа барып, тиісті алгоритмге сәйкес мәселенің мән-жайын зерделеуді бастады. Комиссия құрамында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы мен экология департаментінің өкілдері бар", -деп хабарлады Артур Сәдібекұлы.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, қазір Нарын каналындағы су мен өлген балықтан сынама алынып жатыр. Сынамалар арнайы сараптамаға жіберіледі. Ал, өлген балықтар жиналып, санитарлық талаптарға сәйкес жойылады.

"Балық қырылу себебі анықталып жатыр. Ал, қырылған балықтың мөлшері, табиғатқа келтірілген шығын көлемі сараптама қорытындысы шыққан соң қосымша хабарланатын болады", - деп мәлім етті Артур Сәдібекұлы.