Атырау облысындағы тас жолды көлікпен емес, тікұшақпен тексерген премьер-министр сынға қалды

0
561

Атырауда премьер-министрді көліктер кортежі күтіп алмаған.


Атырау облысындағы тас жолды көлікпен емес, тікұшақпен тексерген премьер-министр сынға қалды

ERNUR.KZ. 21 қазан күні ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысына барған. Министр онда Ақтөбе – Атырау – Астрахан тас жолын жаңғырту жұмыстарының барысын тексерген. Алайда Мамин автокөліктің орнына тікұшақты қолайлы көрген, деп жазады Stan.kz.

"Ақ Жайық" басылымының мәліметінше, Атырауда премьер-министрді көліктер кортежі күтіп алмаған. Ұшақ Атырау халықаралық әуежайына қонғаннан кейін ол бірден тікұшақпен тексеру орнына ұшып кеткен. Ал оған дейін Ақтөбе облысында болған.

Басылым сонымен қатар, премьер-министрдің баспасөз қызметінің қызметкері Темірлан Жабаев тексеру жұмыстарының нәтижесін айтуға құлықсыз болғанын айтады.

Бұған дейін хабарланғандай, Асқар Мамин 14 қазанда Атырауға келіп, қала ішінде салынған бірқатар жаңа нысандармен танысуы тиіс болған. Жергілікті компаниялар тексеруге мұқият дайындалғанымен, премьер-министрдің жоспары аяқ асты өзгерген.