Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды – видео

1
337

​Ер адамның қолында бензин құйылған пластик бөтелке болған. "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды – видео

ERNUR.KZ. Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп жазады sputnik.kz.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.

Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлік пластик бөтелке болыпты.


"07.00-де патрульдік полиция азаматты мән-жайды анықтау үшіне Атырау облысының полиция департаментіне жеткізді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.