Атырау тұрғыны учаскелік полицей болу үшін әкім қызметінен бас тартты

0
2 234

Жақында экс-басшыға қатысты іс сотқа жолданады


Атырау тұрғыны учаскелік полицей болу үшін әкім қызметінен бас тартты

ERNUR.KZ. Атырау қаласының тұрғыны Зинел Қайыров бала күнгі арманын орындау үшін әкім қызметінен бас тартты, деп жазады Stan.kz.

Зинел Қайыров 2009 жылы Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы универсетінде тарих мамандығы бойынша тәмамдап, ең алғаш еңбек жолын Мақат ауданындағы Х.Санбаев атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастайды. Кейін Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округінде әкім болып қызмет еткен.

Бірақ бала күнінен құқық қорғау саласына қызығушылық танытып, осы сала маманы болуды армандаған Зинел осыдан екі жыл бұрын ішкі істер органдарына қызмет ауыстырған. Бүгінде ол - Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторы лауазымында қызмет атқарады.

Қазіргі кезде ол Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап ауылының тәртібі мен тыныштығын күзетеді. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзінің азаматтық борышы санайды.

"Ел іші мәселесіз болмайды. Ұрлық, төбелес, ішімдік ішу және тағы да басқа сан түрлі қылмыс пен келеңсіздіктің алдын алу да оңай шаруа емес. Мұндай жағдайлар көбінде тұрғындардың да ішкі мәдениетінің төмендігінен туындайды. Осы жағдайлардың алдын алу мақсатында біз ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жиі жүргіземіз. Әрине, тәртіп сақшысының міндеті – қоғамдық тәртіпті қадағалау, қылмысты мейлінше болдырмау, оның алдын алу. Бүгінде ауыл жастарының тәртібі жақсы. Егер көшеде түнде балаларды көріп қалсақ, олардың ата-аналарына да, өздеріне де ескерту жасаймыз. Себебі, баланың болашағы бүгінімен тікелей байланысты" -, дейді полиция аға лейтенанты.

Зинел өзіне артылған міндетті жете түсінетінін де жеткізді.

Аға лейтенант бүгінде мемлекеттің ішкі істер саласының қызметкерлеріне тиісті қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол отбасымен қызметтік пәтерде тұрады.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өзінің темірдей тәртібімен, жүйелі жұмысымен көзге түскен Зинел Каиров өңірдегі ішкі істер саласындағы басшылардан да лайықты марапаттарын алып жүр.