Атырауда 3000 отбасыға тегін дәрі-дәрмек үлестіріледі

0
711

Еріктілер ішіне 30 түрлі дәрі-дәрмектер салынған арнайы пакеттерді Атырау қаласы мен жеті ауданның 3000 отбасына жеткізіп береді.


Атырауда 3000 отбасыға тегін дәрі-дәрмек үлестіріледі

Атырау облысы әкімдігі 30 миллионның дәрі-дәрмектерін 3000 отбасыға тегін үлестіреді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасына сай, ертең облыстың әлеуметтік әлжуаз топтарына 30 миллион теңгенің дәрі-дәрмектері тегін үлестіріледі», -деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Біздің басты мақсатымыз — ең алдымен ауырып қалған әлеуметтік әлжауаз топқа жататын жандарды дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету. Өңірлік «Біз біргеміз» қорымен бірлесіп 30 млн. теңгеге жуық қаражатқа ең қажетті препараттар алынып, арнайы пакетке салынып дайындалды. Олар бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушы ата-аналарға тегін үлестіріледі. Мұқтаж адамдардың тізімі толық жасақталды. Мұндай қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады
»,-деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Ертең волонтерлер ішіне 30 түрлі дәрі-дәрмектер салынған арнайы пакеттерді Атырау қаласы мен жеті ауданның 3000 отбасына жеткізіп береді.