Атырауда 4 жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен, біреуі қаза тапты

0
944

Өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кеткен.


Атырауда 4 жасөспірім мұз ойығына түсіп кеткен, біреуі қаза тапты

ERNUR.KZ. Атырауда төрт жасөспірім Жайық өзенінде мұз астына түсіп кетті. Бірі қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қайғылы оқиға 4 қаңтар күні кешкісін болған. Төрт жасөспірім қала шетіндегі Томарлы кенті маңайында өзеннің үстінде ойнап жүріп, мұз астына түсіп кетті. Үшеуі аман қалды. Суға батып кеткен баланың денесі іздестіріліп жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қосымша ақпарат кейінірек хабарланады.