Атырауда «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» акциясы өтті

0
2 081

Атырауда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» атты қайырымдылық акциясы болып өтті.


Атырауда «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» акциясы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соның бірі, Атырау облысында «Саналы ұрпақ» жобасы аясында «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция Атырау сервис колледжінде ұйымдастырылып, сол күні «Смайлик» атты адалдық кафесі ашылды. «Адалдық кафесі» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті тағамдарды алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, бұл кафенің ерекшелігі барлық тағамды аталған колледже аспазшы мамандығында оқитын студенттер дайындайды. Бұл студенттердің оқудан бөлек, тәжірибелік қасиеттерін дамытуға үлкен үлесін қосады.
Ал, өткізіліп отырған «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» атты қайырымдылық акциясының мақсаты қазіргі таңда қоғамымызда сыбайлас жемқорлық деген терминнің кең тарап, онымен күрес кез-келген өркениетті қоғам үшін өзекті мәселенің бірі болып отырғаны себеп болды. Мұндағы мақсат-оқу орнында әрбір адам бойында саналы жауапкершілік пен адалдықты қалыптастыру болатын. Шараның аясында түскен қаржы оқу орнында білім алып жатырған жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттілігіне жұмсалатын болады. Қайымрымдылық шарасы өнерлі студенттердің мың бұрала билерімен, домбырда күй шертілген, әдемі әндерімен жалғасты.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз- хатшысы