Атырауда әлем чемпионының өліміне кінәлі бұрынғы екі полицей сотталды

0
408

Олардың бірі 15 жылға, бірі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Атырауда әлем чемпионының өліміне кінәлі бұрынғы екі полицей сотталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек Сиғуатовты өлтірді деген күдікке ілінген бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Еске сала кетейік, 2020 жылы 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарынан келген бірнеше жігіттің арасындағы төбелес кезінде атақты атыраулық спортшы, грепплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатов қаза тапты.

2020 жылдың қарашасында грепплингтен әлем чемпионын өлтірді деген күдікпен 2 полицей тергеуге алынды.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, 23 жастағы Б.М. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 6 және 9-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 26 жастағы Б.Д. 432-бап бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.



Одан бөлек, сотталушылар зардап шеккен тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моралдық шығын өтеуі керек.

Ал марқұмның туыстары үкіммен келіспей отыр. Олар ұлының өліміне кінәлілер тым жеңіл жаза алғанын айтып, сот үкіміне шағымданатын жеткізді.