Атырауда ауылдасын ұрып өлтірген сегіз жігітке қатысты сот үкімі шықты

0
372

Индер ауданы Есбол ауылының тұрғыны 30 жастағы Азамат Қалбағаевты таныстары ауыл шетіне апарып темірмен өлімші етіп сабап, тастап кеткен.


Атырауда ауылдасын ұрып өлтірген сегіз жігітке қатысты сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Атырауда ауылдасын асқан айуандықпен ұрып өлтірген сегіз адамға қатысты сот үкімі шықты, деп жазады stan.kz.

Индер ауданы Есбол ауылының тұрғыны 30 жастағы Азамат Қалбағаевты таныстары ауыл шетіне апарып темірмен өлімші етіп сабап, тастап кеткен.

Ол қансырап далада жатқанда жолай өткендер көріп қалып, ауруханаға апара жатқанда қайтыс болды. Қоғамдық резонанс туғызған іске қатысты сот үкімін тыңдау үшін келген адамдар залға сыймай қалды. Кейбірі фойеде тұрып тыңдады. Сот барысында Азаматтың басынан ауыр жарақат алып, миы жарылғаны, қабырғасы, мұрыны мен беті, қос қолы мен аяқтары да сынып қалғаны анықталған.

Одан өзге сарапшылар денесіне келтірілген жарақаттарды санап шығу мүмкін болмағанын айтты,- деді судья.

Алғашында күдікке он жігіт ілінгенімен, кейін екеуі сотқа куә ретінде қатысқан. Сотталушылардың бәрі - Есбол ауылының тұрғындары, 29-30 жастағы жігіттер. Сот 3 жігітке "Адам өлтіру" бабымен 15 жыл, ал қалған бесеуіне денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша 6 жыл мерзімге үкім кесті. Сондай-ақ марқұмның отбасына 37 млн теңге моралдық шығын өтеуі тиіс.

“Жарақаттардың көптігі, олардың жарақаттардың механизмі, санауға келмейтін жарақаттардың көптігін Азамат құлап алмағанын барлықтарыңыз өздеріңіз білесіздер. Тікелей сотталушылардың іс әрекетінен салынғаны өз дәлелін тапты. Оларды сотталушылардың өздері жоққа шығарған жоқ”, – дейді Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина.