Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті

0
1 250

Күдікті ретінде 44 жастағы қала тұрғыны ұсталды


Атырауда бес жасар баланы зорлап кетті

ERNUR.KZ. Атырауда 4 тамызда балаға сексуалдық зорлық жасады деген күдікпен 44 жастағы ер адам ұсталды, деп жазады Almaty.tv.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған 44 жастағы қала тұрғыны бес жасар қызға сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілініп отыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.