Атырауда екі күн бұрын жоғалған 12 жастағы қыз табылды - оқиғаның мән-жайы

0
673

​Атырауда 27 маусымда 2010 жылы туған қыз табылмай жатқаны хабарланған болатын.


Атырауда екі күн бұрын жоғалған 12 жастағы қыз табылды - оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Атырау қаласында із-түссіз жоғалған 6-сынып оқушысы табылды, деп жазады sputnik.kz.

"2010 жылы туған жасөспірім үйінен 27 маусым сағат 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ата-анасы 28 маусым күні сағат 15:00-де полицияға хабар берген. Жоғалған қыз 29 маусымда 18:00-де табылды", - дейді полицейлер.

Жасөспірім құрбыларының үйінде болғанын айтқан. Бірақ ата-анасына ескертпеген.

Еске салсақ, Атырауда 27 маусымда үйінен шығып кеткен қыз табылмай жатқаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде оның көшеде кетіп бара жатқан видеосы да тарады.