Атырауда эпидемиолог коронавирустан жазылып шықты

0
603

Эпидемиолог Covid-19 індетін инфекция ошағында жұмыс істеу барысында жұқтырған.


Атырауда эпидемиолог  коронавирустан жазылып шықты

Атырауда эпидемиолог коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб мәліметінше әңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 82 адамға жеткен.

Штаб мәліметіне сәйкес, тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 55 жастағы қызметкері - Теңіз кенішіне іс-сапармен барған.

"Эпидемиолог Covid-19 індетін инфекция ошағында жұмыс істеу барысында жұқтырды. Оған инфекциялық стационарда тиісті ем шаралары жүргізіліп, соңғы алынған тест қорытындысы бойынша әйелдің коронавирус инфекциясынан айыққаны расталды", - дейді штабтағылар.

Сондай-ақ, инфекциялық стационардан тағы үш жергілікті тұрғын жазылып шыққан. Олар – 33,35 жастағы екі ер адам және 25 жастағы әйел.