​Атырауда газ арзандады

0
1 177

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалында жүргізілген тексеріс кезінде 30 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны анықталды


​Атырауда газ арзандады

ERNUR.KZ. 1 тамыздан бастап Атырау облысында газдың тарифі төмендеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Іnform.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірді табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Атырау филиалында жүргізілген тексеріс кезінде белгісіз себептермен 30 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырылғаны анықталды. Тұтынушыларға заңсыз алынған қаражатты қайтару үшін 1 тамыздан бастап монополистке уақытша газды жеткізу қызметі бойынша өтемдік тариф енгізілді. Ол мың текше метрге 1721, 26 теңгені құрады, яғни 3% түскен.

Бұл жөнінде Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде хабарланған.