Атырауда кезекші сыныптарда оқу бойынша 21 мың өтініш түскен

0
792

Жаңа оқу жылында «кезекші сыныптарда» оқушылар 140 сынып жиынтығында оқиды деп жоспарлануда.


Атырауда кезекші сыныптарда оқу бойынша 21 мың өтініш түскен

Атырау облысында ата-аналар тарапынан кезекші сыныптарда 21 мың оқушыны оқыту үшін өтініш түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жаңа оқу жылында қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, бастауыш сыныптың оқушылары үшін 170 мектепте кезекші сыныптар ашылмақ.

«Жаңа оқу жылында «кезекші сыныптарда» оқушылар 140 сынып жиынтығында оқиды деп жоспарлап отырмыз. Сыныптағы бала саны 15-тен аспайтын болады. Осыған орай ата-аналар тарапынан 21 мың өтініш түсті», - дейді Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева.

Оның айтуынша, кезекші сыныптарда бастауыш сыныптың ғана емес, шағын комплектілі мектептің оқушылары да оқи алады. Қазір облыс көлемінде 14 шағын комплектілі мектеп бар. Жаңа оқу жылында осы мектептерде 880 оқушы штаттық режимде яғни, бұрынғыша оқиды деп жоспарлануда.