Атырауда қорапқа салып, тастап кеткен баланың ата-анасы табылды

0
1 489

Полиция қызметкерлері баланың ата-анасын іздеп тапты.


Атырауда қорапқа салып, тастап кеткен баланың ата-анасы табылды

ERNUR.KZ. Атырауда қораптан табылған баланың денсаулығы алаңдаушылық туғызбайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Кеше кешкісін Атыраудағы Сары-Арқа шағын ауданындағы қоқыс жәшіктерінің бірінің жанында қораптан табылған баланы медбикелер қарады. Баланың дені сау. Полиция қызметкерлері оның ата-анасын тапты. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Атырауда аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Өзге ақпарат істің мән-жайы анықталғаннан кейін хабарланады.