​Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

0
550

Қаражат мақсатты түрде жұмсалған.


​Атырауда коронавируспен күреске 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

Бұл туралы бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн брифингте айтты деп хабарлайды ERNUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


"Коронавирус инфекциясымен күреске республикадан 500 млн теңге қаржы бөлінді. Шамамен осындай сумма жергілікті бюджеттен де бөлінді. Бұл қаражаттар мақсатты түрде жұмсалды", - дейі Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Сонымен қатар, облыс басшысы демеушілердің, кәсіпкерлер сондай-ақ кәсіпорындар мен компаниялардың көмегі зор болғанын жеткізді. Демеушілік қолдау нәтижесінде қажетті медициналық құрал-жабдықтар, жеке қорғаныс құралдары, дәрі - дәрмектер сатылып алынған.


"Қонақ үйлерде жатқан медицина қызметкерлері және карантинде жатқан азаматтар үшін жатын орындарының ақысы төленді, уақытылы тамақтандыру ұйымдастырылды.
Бастапқыда небары 180 инфекциондық орын болса, бүгінде оның 540 орынға дейін көбейтілді. 300 орыннан астам провизорлық орын, 2000-нан астам карантиндік орын жасақталды.
Осынау уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылды деп есептеймін",
- деді Махамбет Досмұхамбетов.