Атырауда көшенің қақ ортасында адамға оқ атқан оқиғаның видеосы пайда болды

0
1 144

Атырау полициясы Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғады


Атырауда көшенің қақ ортасында адамға оқ атқан оқиғаның видеосы пайда болды

ERNUR.KZ. Атырауда көшенің қақ ортасында адам өлтіріп кеткен екі күдікті іздестіріліп жатыр, деп жазады "Ақ Жайық"

Әлеуметтік желіде көшенің қақ ортасында көлік жанында тұрған ер адамға екіншісі бетпе-бет келіп, оқ атып, қашып кеткен жантүршігерлік видео таралуда.

Бұл оқиға Атырау қаласындағы вокзал маңы ықшамауданында 16 сәуірде сағат 19.05-те болды.

Оқ тиген 32 жастағы адам Атырау облысы Мақат ауылының тумасы екен. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Осы қанды оқиғаға байланысты қазір екі күдікті іздестіріліп жатыр. Басылымның хабарлауынша, марқұмды атқандар жерлестері, яғни мақаттықтар. Оқ атқан 39 жастағы қаскөйдің қасындағы сыбайласы - 17 жаста.

Қазір полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктерлерге іздеу жариялаған.