Атырауда қызға таласқан оқушылар бір-бірін аяусыз ұрған

0
563

Мектептегі сабақ кезінде жасөспірімдер бір қыздың қасына отыру үшін сөзге келіп қалады.


Атырауда қызға таласқан оқушылар бір-бірін аяусыз ұрған

ERNUR.KZ. Атыраудағы №27 мектептің 10-сынып оқушылары қызға таласып, бір-бірінің бастарын таспен жарған, деп жазады Stan.kz.

Мектептегі сабақ кезінде жасөспірімдер бір қыздың қасына отыру үшін сөзге келіп қалады. Сабақ аяқталғаннан соң оқушылар қаладағы темір жол вокзалының маңындағы гаражға барып, төбелес үйымдастырған. Тіпті, бір-бірінің бастарын таспен ұрып, ауыр дене жарақатын салады. Кейін екі баланың ата-анасы бір-бірінің үстінен арыз жазып, іс сотта қаралды.

“Мектеп оқушылары кінәлі деп танылып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБТК 435-бабымен (“Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық”) 14 293 теңге айыппұл салынды. Сотта екі оқушы бір-бірінен кешірім сұрады”,- деді Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотының судьясы Ғизатолла Отарұлы.

Сондай-ақ бұл мәселе Атырау облысы әкімдігіне жетіп, мектеп оқушыларының тәрбиесін бақылауға алды.