​Атырауда мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасауда

0
632

Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленеде.


​Атырауда мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасауда

Атыраулық мұғалім сабынның бірнеше түрін жасап шығарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Гипоаллергенді өнім күнделікті тұрмыста иіс сабыны ретінде пайдалануға келеді.
Сабынды жасау барысында табиғи өнімдерді пайдаланамын. Мәселен, лимон – денеге балғындық, құрамындағы С дәрумені ағзаға нәр береді. Екінші түрі ақжелкен қосылған сабын. Оның құрамында көптеген дәрумендер топтамасы бар. Ақжелкенді кептіру арқылы жасалған сабынды жаңа туған нәрестеден бастап, кез келген жастағы адам қолдануға болады. Ал, өнімге қосылатын эфир майы хош иіс береді», -
дейді Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Марфуға Ағынова.


Аталмыш мектепке биыл ғана жұмысқа тұрған жас маманның сабын жасаумен айналысып келе жатқанына бір жылға жуық уақыт болыпты.


«Химия өте қызықты сала. Осындай тұрмыста қолдануға болатын өнімдер жасауға баулу арқылы, оқушыларды салаға қызықтыруға болады. Толық қыр-сырын меңгеріп алғаннан кейін, сабын жасауды оқушыларыма үйретуге дайынмын», - дейді жас маман Марфуға Ағынова.