​Атырауда менингитке қатысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталығы ашылды

0
1 333

ERNUR.KZ. Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады.


​Атырауда менингитке қатысты сұрақтарға жауап беретін Call-орталығы ашылды

фото: tengrinews.kz

ERNUR.KZ. Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында менингит ауруының пайда болуына байланысты Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы жергілікті тұрғындардың қоңырауларына жауап беру үшін 24 сағаттық «шұғыл желі» ашу жөнінде шешім қабылдады. 98-02-20 нөмірі бойынша азаматтар инфекциялық аурулардан және эпидемиологтардан кеңес ала алады. Сондай-ақ, «шұғыл желі» сағатына тәулік бойы 3 оператор қызмет етеді.

«Алматы облысындағы менингит инфекцияларының таралуына байланысты біздің облыс тұрғындарын да осы аурудың алдын алу бойынша көптеген сұрақтар мазалайды. Көптеген адамдар бүгінгі күні менингиттен қалай қорғануға болатындығын, аурудан аулақ болу үшін қандай шаралар қолдану керектігін ойлайды. Сондықтанда, қала және облыс тұрғындары білгісі келетін барлық сұрақтарға 24 сағаттық Call-орталығына қоңырау шалу арқылы жауап алуға болады», - дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева.