Атырауда мұздатқышта шетінеген шақалақтың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды

0
908

Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталған.


Атырауда мұздатқышта шетінеген шақалақтың өліміне қатысты үшінші күдікті анықталды

ERNUR.KZ. Атырау облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған шарананың өліміне қатысты іс бойынша үшінші күдікті анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы аталған перзентхананың 53 жастағы акушер-гинекологы ұсталған. Оған «алдын ала сөз байласу арқылы топтасып, дәрменсіз күйде екенін біле тұра адам өлтіру» дерегі бойынша айып тағылды. Яғни ол өткен жылдың 29 қыркүйегінде жаңа туған тірі нәрестені мұздатқыш камерасына салған.

Айта кетейік, бұған дейін перинаталдық орталықтың бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог Асқар Қуаныш абақтыға қамалған болатын. Жиналған дерек бойынша бас дәрігер базаға енгізілген мәліметтерді түзетпеу үшін тірі туған сәбиді мұздатқыш камераcына салуды ұйғарған. Оны бас дәрігердің телефонын басқа бір іс бойынша тыңдап жүрген жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері естіп қалып, орталыққа жедел жеткенімен сәбиді құтқарып үлгірмеді.

- Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотымен ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 3-7 тармақтарымен күдікті деп танылған Атырау облыстық перинаталдық орталығығының акушеріне қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.